04 Сәуір, 2015

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Жеңістің 70 жылдығына орай журналистер арасында байқау жариялайды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
* Назар аударыңыз:  конкурс! Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай журналистер арасында «Жеңіс жаршысы» республикалық шығармашылық байқауын жариялайды. Шығармашылық байқаудың негізгі мақсаты 1941-1945 жыл­дар­дағы Ұлы Отан соғысының тарихы, қазақстандық сарбаз­дар, офицерлер және тыл еңбек­керлерінің Ұлы Отан соғы­сындағы Жеңіске қосқан үлесі, ерлігі мен қаһармандығы туралы жас буын өкілдері арасында отансүйгіштік қасиеттерді насихаттау, Ұлы Жеңіс тарихы мәселелерін көтеріп жүрген жур­налистердің кәсіби деңгейін арттыру, аталған тақырыптарды ақпараттандыруға талантты авторларды тарту болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбын жазатын үз­дік журналистерге арналған бай­қау Қазақстан аумағында шығарылатын қалалық және республикалық бұқаралық ақпа­рат құралдары, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілде­рінде электронды бұқаралық ақпарат құралдары арасында жеке номинациялар бойынша өткізіледі. Байқауға газет, радио және телеарна журналистері, ақпа­раттық агенттіктер, сондай-ақ екінші дүниежүзілік соғыс тарихы, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің соғыстан кейінгі тағдыры, ҰОС ардагерлеріне қолдау көрсететін қоғамдық ұйымдар туралы және дала шайқастарында қаза болған жауынгерлерді іздеу туралы материалдарды жариялап жүрген штат­т­ан тыс авторлар да қатыса алады. Жеңімпаздар «Баспасөздегі жарияланған үздік мақала», «Интернет басылымда жария­лан­ған үздік материал», «Үздік те­лесюжет/телехабар», «Үздік радио­сюжет/радиохабар», «Үздік фо­тотүсірілім/фотоочерк» ат­ты бес номинация бойынша анықталады.