Облыстық халық шығармашылығы үйінің мұрындық болуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 90 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясы мен еліміздің Ата Заңының 20 жылдығына арналған «Өнерім – мерейім» атты эстафетасы бастау алды. Бұл мәдени шара осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Өнер эстафетасының мақсаты мәдениет және өнер мекемелері арасында шығармашылық байланысты дамыту, өзара тәжірибе алмасу және мәдениет қызметкерлерінің кәсіби деңгейі мен мәртебесін көтеру болып табылады.
Өнер эстафетасы екі ай ішінде облыстың бір ауданынан келесі ауданына ауысып, үлкен шығармашылық шеберлік шыңдау жолынан өтеді. Эстафета барысында әр аудан өздерінің аудандық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарының суреттерін «Құрмет кітабына» енгізіп, келесі ауданға тапсырып отырады. Өнер эстафетасы алғаш өткізілген жылы «Құрмет кітабына» облыстың мәдениеті мен өнерінің дамуына үлесін қосқан тұлғалардың суреттері енсе, ал келесі жылы шығармашыл ұжымдардың суреттері беріледі.
Осы жолы облыстық халық шығармашылығы үйінің әншілері, жыршы-термешілері Нұргүл Жұмағұлова, Қуанышкүл Серікбаева, Құралай Әленова, халықтық және үлгілі атақтары бар би ұжымдары Алға аудандық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарына өнер көрсетті. Бұл шараға аудан өнерпаздары да қатысып, көрермендерге ән мен биден шашу шашты, күймен көңілдерін көтерді. Шара барысында облыстық халық шығармашылығы үйі директорының орынбасары Сәния Жарықова эстафетаның символы «Құрмет кітабын» осы ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бекжан Аппазовқа табыстады. Мұндай өнердегі өміршең байланыстың шығармашылықты дамытуға ықпал ететіні сөзсіз. Сондықтан да болар, соңғы жылдары өңірде өнердің қай саласының дамуы айқын аңғарылады, оған жыл сайын Ақтөбе өңірінде өнердің алуан саласынан байқау-конкурстардың, фестивальдардың арта түсуі дәлел бола алады. Сондай-ақ, түрлі байқауларға ауданнан шыққан өнерпаздар қатысып, олжалы оралып жүр. Міне, осындай алыс ауылдардағы өнер иелерінің шеберлігін шыңдап, талантын ашатын мәдени шаралардың арасында «Өнерім – мерейім» атты өнер эстафетасының алар орны айрықша.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Білім • Бүгін, 12:11
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35
Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:14
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Оқиға • Бүгін, 11:12
Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:01
Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43