04 Сәуір, 2015

Қыздар жеңді

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Наурыз айының соңғы күнінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығының дара тұлғалары: ерлік пен елдіктің елшісі»  атты интеллектуалды олимпиада мәреге жетті. Алматы қаласы ЖОО студенттері қатысқан олимпиада 5 турдан тұрды. Тарих саласы бойынша білімдері сына­л­­ған қалалық олимпиадаға Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инсти­тутының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Әуезхан Шашаев бастаған тарихшы мамандар қазылық жасады. Сайыс қорытындысы бойынша I орынға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Атамекен» командасы ие болды. ІІ орынды Алматы технологиялық университетінің «Хан ордасы» командасы мен  С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Ибн-Сина» командасы өзара бөлісті. ІІІ орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жерұйық» командасы мен Алматы университетінің  «Ұлы  дала қырандары» командасы иеленді. Сондай-ақ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Сұңқар» командасы мен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың «Үш жүз» командалары арнайы марапатталды. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.