Жуырда редакциямызға белгілі жұлдызшы Назарбек ҚОЖАМСЕЙІТОВ соғып, өзінің біршама болжамдарымен бөліскен еді:
– Менің болжамдарым әрқашан тура келеді. Жалғыз ауа райының болжамдары емес, мен саяси болжамдарды да тура айта аламын. Маған кейбір таныс саясаткерлер алдағы президенттік сайлаудың қалай өтетінін есептеп қой деп тапсырма берді. Оны да есептеп қойдым.
– Оны сіз есептемесеңіз де жұрттың бәрі біледі. Алдағы ауа райы туралы қандай болжам айтар едіңіз?
– Солтүстік облыстарда сәуірдің 10-да суық циклон келеді. 18-20 сәуірде қара дауыл соғып, қара суық болады. 2 мамыр кезінде де ауа райы бұзылып, арты қар аралас жаңбырға айналады. Күн күрт суытады.
– Қазір ауа райы күрт суытып немесе күрт жылып, халықты әбден мезі қылды. Осының себебі неде деп ойлайсыз?
– Оның басты себебі, Ресейдің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырып жатқан зымырандарында. Зымыран ұшса болды – ауа райы күрт бұзылады. Және ол қыста күрт жылымық, жазда күрт суық әкеліп, ылғалды шамадан тыс жаудырады. Мәселен, былтыр 17 наурызда «Протон» ұшырылған соң Павлодар қаласында екі күн 30 градус, екі күн 28-29 градус ыстық болды. Бұл уақытта еліміздің солтүстік-шығысындағы осынау қалада мұндай ыстық ешқашан болмауы керек еді. Соның кесірінен қар күрт еріп, көптеген шаруашылықтар мен нысандар судың астында қалды. Қарағанды облысындағы су қоймасы бұзылып, көптеген шығын болып, бес адамның ажал құшқанын да білесіздер. Атбасар ауданы да суға кетіп, зиян шаш-етектен болды. Сол кезде елдің оңтүстік өңіріндегі Таразда ауа райы 23, ал Алматыда 19-20 градус қана болды. Жуырдағы табиғат ауытқушылықтары да 19 наурызда ұшырылған «Протонның» кесірі. Әйтпесе, Алматыда қыстың аяғында осындай көлемде қар жауар ма еді? «Қазгидромет» мұндайдың себебін ғылыми дәлелі болмаған соң айта алмайды. Ал мен оны үнемі айтып келе жатырмын. Табиғат өз тыныштығының, өзінің экологиялық теңгерімінің бұзылғанын ұнатпай, оған өзінің қатал жауабын береді. Сондықтан, зымырандарды тек белгілі уақыттарда ғана ұшыруға келісім беру керек. Соның ішінде көктем мен күздегі жиын-терін науқаны аяқталғанша оларды жібермей қоя тұру керек, оған мораторий жариялау керек деп 2009 жылдан бері айтып келе жатырмын. Оған ешкім жауап та бермейді, құлақтарына да ілмейді.
– Зымырандар тек Қазақстан өңіріне ғана зиянын тигізе ме? Америкалықтар да ұшырып жатыр емес пе, оларға да зиянын тигізе ме екен?
– Әрине, жалғыз Қазақстан емес, оның зардабы Ресейдің өзінің аймақтарына тиіп жатыр. Мәселен, 2014 жылдың 27 мамырында ұшырылған «Протонның» кесірінен ыстық пен суық араласып, жаңбыр шелектеп жауды. Ресейдің үш облысын су басты. Зея мен Катунь өзендерінің қосылған жеріндегі судың деңгейі 6 метрге дейін көтерілді. Жақын маңдағы барлық елді мекендерді су басып, келтірілген шығын 200 млрд. рубльге жетті деген ақпараттар айтылды. Ал Америкаға келетін болсақ... Мен өзімнің «Табиғат апаттарының жиілеу сыры неде жатыр?» деген мақаламда Батыс Америкада қазан айында ауа райы күрт суытып, бір метрден артық қар түскенін айтқанмын. Сондай-ақ, салмағы 300 грамға жететін бұршақ жауып, машиналардың төбесін тескенін айтқан едім... Мұндайлардың бәрінің түбінде адам қолымен істелген техногендік залалдар жатыр. Америкалықтар экономикасы мен әскери қуаты жағынан Ресейден әлденеше есе қуатты мемлекет бола тұра өздерінің жерсеріктерін орбитаға Ресейдің «Протон» зымырантасығыштарымен миллиардтаған доллар төлеп ұшырып жатқанына неге назар аудармаймыз? Зиянды болмаса олар өздерінде-ақ ұшырар еді ғой...
– Осындай зияндылықтары бар деп ауызша айта бергеннен гөрі зияндылықты ғылыми жолмен дәлелдеп, Үкіметке неге хат жазбасқа?
– Мені ешкім де тыңдамайды. 2009 жылдан бері айтып келе жатырмын дедім ғой... Ал ғылыми орындар оны дәлелдеуге не шамасы жетпейді немесе мұндайды айтпаңдар деп біреулер қорқытып тастаған. Сондықтан ауыздарын ашпайды.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан».

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40