16 Қазан, 2015

Иесін тапқан марапат

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ресей Федерациясының Орал қаласындағы бас консулы Саид Забитовпен кездесті. Қонақты жылышыраймен қарсы алған аумақ басшысы Ресеймен өзара қарым-қатынастың анағұрлым нығая түскенін, әсіресе, шекаралас өңірлермен әлеуметтік-экономикалық, мәдени және басқа салаларда ілгерілеу бар екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде жалпы Қа­­зақ­­стан – Ресей қарым-қаты­­на­сы да­­муының тиімділігі мен сер­пін­ділігінің белгісі болып та­былады. Облыста әрбір үшін­ші бірлескен кәсіпорын Ресей биз­несінің қаты­суымен құрылған. Ақтөбе өңірінде Ресей кәсіпорындарының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар қатарында «Орыс мыс компаниясы» ЖАҚ, Ақтөбе рельс арқалықтары зауыты және басқалары бар. Өз кезегінде Саид Забитов Ре­сей мен Қазақстанның ға­сыр­­­лар бойы қалыптасқан ын­тымақ­­­тастығы бұдан былай да нығая беретініне сенім біл­дір- ді. Содан кейін бас консул Ауғанстан соғысына қатысқан облыс тұрғыны Артық Елкеевке жоғары награда тапсырды. 1989 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен сол кездегі Новоресей ауданы «Қопа» кеңшарының тумасы Артық Елкеев «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған екен. Міне, арада 26 жыл өткенде награда иесін тапты. Қазіргі таңда екінші топтағы мүгедек Артық Елкеев отбасымен облыс орталығында тұрады. Өңір басшысы да ауғандық жауынгерді лайықты наградасымен құттықтап, оған мықты денсаулық тіледі. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.