Жоғары сұранысқа ие қоғамдық көлік 40 жылдан аса уақыт қала тұрғындарына қызмет етіп келеді. Трамвай басқармасында 115 трамвай вагоны бар болса, оның 86-сы күнделікті қозғалыс бағыттарына жіберілуде. Осы жуырда облыс орталығында өткен кездесуде «Еуразиялық топ» ЖШС-і мен облыс әкімдігі арасындағы келісім бойынша жаңадан 5 трамвай сатып алуға қаржы бөлінеді деп хабарланды. Бұған дейін облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың еліміздің Ұлттық экономика министрлігі және «Еуропалық қайта құру және даму банкінің» өкілдерімен кездесулерде де «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ-ты жаңғырту мәселесі тағы да кезекті рет талқыланды. Яғни, осы келісімдер арқылы облыс орталығына енді «заманауи әрі Wi-Fi қондырғылары бар 50 трамвай әкелінеді..» деп қуантады. Келісімдерде айтылғандай, 50 болмаса да, бұдан бір жыл бұрын Ресейден екі-үш жаңа трамвай келді. Мәселе, трамвайдың құнында. Бір вагон 70 миллион теңге тұрса, заманауи трамвайларыңыз одан да асып түсуі мүмкін.
Ал, трамвай басқармасы трамвай паркін жаңғырту бойынша құны 4,23 млрд. теңге болатын жоба жасап беріпті. Облыс орталығындағы трамвай паркінің 90 пайызы тозған, вагондардың көпшілігі мерзімдерін екі есе өтеген дейміз. Бірақ, трамвай басқармасы да қарап отырған жоқ, тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында депо паркін модернизациялау жұмысын қолға алуда. Арнайы бағдарлама бойынша жаңартылған трамвайлар заманауи жылытқыш құралдарымен жабдықталуда. Бір вагонды жөндеу үшін кәсіпорын 8 миллион теңге жұмсайды екен. Қазір трамвай басқармасының паркінде жарқырған жаңасын әкелмек бұрын парктегі 65 ескі вагонды толықтай жаңарту, жаңғырту жұмыстары да жүргізілуде. Дегенмен де, жолаушылар үшін Варшаваның трамвайының да, Wi-Fi қондырғысының болуы маңызды емес, маңыздысы – жұмысына, баратын жеріне жеткізетін көліктің болуында және сапалы қызмет. Мәселен, әкімдер келе жатыр деп жылда айтылатын 50 трамвайдың келісімдер іске асып, /5-уі жақында қосылды/ қаламызға жылдамырақ жетуінде ғой...
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше