ҚОСТАНАЙ. 21 мамыр. Ғауез Нұрмұхамбетов Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жаңа орынбасарды облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде таныстырды. Ғауез Торсанұлы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің инспекторы қызметінен келді.
Ғауез Нұрмұхамбетов Президент әкімшілігінің инспекторлығына өткен жылдың маусым айында кеткен болатын. Оған дейін Қостанай қаласының әкімі болған еді. Бірінші орынбасарын таныстырған облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов Ғауез Нұрмұхамбетовтың бұл саладағы тәжірибесіне баға жетпейтіндігін айтты. Оның еңбек жолы тек Қостанай облысымен байланысты өріліп келеді. Таран, Әулиекөл, Қарабалық аудандарын басқарды, Қостанай қаласына екі рет әкім болды.
Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов: «Экономика, коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы, құрылыс Ғауез Торсанұлына таныс қызметтер. Барлық күш-жігерін өңірдің гүлденуіне жұмсайды деп сенеміз», деді.
Облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Евгений Аман зейнеткерлік демалысқа шықты.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 21 Мамыр, 2015
Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ғауез Нұрмұхамбетов тағайындалды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше