ҚОСТАНАЙ. 21 мамыр. Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Қостанай қаласындағы №9 орта мектепке көрнекті ақын, жазушы Ғафу Қайырбековтың есімі берілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қостанай қаласында ұзын, басты көшелердің бірі де қазақ поэзиясындағы дүлдүл ақын Ғафу Қайырбековтың есімімен аталады. Осы көшенің бойында орналасқан №9 қазақ орта мектебін де ақынның жары Бәдеш Хамзина мен жергілікті зиялы қауым өкілдері ақынның атына сұрап жүрген болатын. Ғафу өзі: «Қайда жүрсем, сені есімнен тастамай,
Өтіп кетті жақсы жыл мен жас талай.
Менің атым сағыныш боп өзгерді,
Сағынышқа қолыңды бер, Қостанай!» деп жырлаған туған жерінде көше мен мектеп тұтас ансамбль құрып тұрғанын қалаған еді. Біраз күттірген жылдардан кейін ақын жырларына тәнті халқының тілеуі орындалды.
Ақынның жары Бәдеш Хамзина: «Туған жері азаматын, ақынын сыйлап, білім ошағына Ғафекеңнің атын бергеніне ризамын. Мектеп оқушылары атасының атына кір келтірмей, білімді азамат болсын», деді. Салтанатты іс-шарада Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қалиев, ақындар А.Шаяхмет, С.Оспанов, Н.Мұқатов, жазушы-сатирик Ғ.Ахметчин, тіл жанашыры Қ.Орманов, Жанкелдин ауданы әкімінің экономика жөніндегі орынбасары Д.Серікұлы, №9 орта мектеп директоры Ә.Молдахалықов және облыстық тілдерді дамыту басқармасының өкілдері қатысып, жылы лебіздерін білдірді.
Осы шараға орай мектепте ақынға арналған әдеби кеш өтті. Мектепте Бәдеш апайдың бастамасымен және оның ізденуімен, көмегімен Ғафудың музейі жасақталған еді. Кешке қатысушылар осы музейді аралап көрді, білім ошағының өнерлі балалары қойған концертті тамашалады.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 21 Мамыр, 2015
Қостанайдағы мектепке Ғафу Қайырбековтың есімі берілді

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше