ҚОСТАНАЙ. 15 қазан. Облыста 9 ай ішінде өнеркәсіп өнімдерін шығару 14,2 пайызға төмендеген. Осы көрсеткіш бойынша Қостанай облысы республика бойынша ең соңғы орынды алады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуының 9 айлық қорытындысы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен кеңейтілген әкімшілік отырысында қаралды. Онда облыс өнеркәсібінің дамуына шолу жасаған облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалова өңірдегі кен өндіретін ең ірі кәсіпорындар «Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі» акционерлік қоғамы өнім шығаруды –44,8 пайызға, «Варваринское» компаниясы –36,8 пайызға, «Өркен» серіктестігі –35,7 пайызға төмендеткенін атап өтті. Егер мұны ақшаға шаққанда, мысалы «Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі» 9 айда 86,3 миллиард теңгенің өнімін шығарса, шығармағаны 70 миллиард теңгені құрайды. Мұның өзі әлемдік нарықта темір кеніне бағаның төмендеуіне байланысты Ресей мен Қытай бағытына өнімді артудың азаюынан болып отыр. Мысалы, «ССКӨБ» 2010-2013 жылдары жыл сайын Қытайға 5 миллион тонна өнім артатын. Ал 2014 жылы жөнелткен кеннің көлемі 51 пайызға ( яғни, 2,8 миллион тонна) дейін төмендеді. Ал биыл экспортқа жіберілетін кен өткен жылғы көлемнің 7 пайызын ғана құрайды, яғни 190 мың тонннадан аспайды.
Роза Кемалованың баяндамасында тек, кен өндіру ғана емес, өндірістің басқа салаларында да, мысалы машина жасау, азық-түлік өндіру салаларында да өнім өндірудің төмендегені байқалып отырғаны айтылды. Сонымен қатар, әкім орынбасары облыста инвестициялық-өндірістік ірі жобаның жоқтығын да тілге тиек етті.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңірге инновациялық-өндірістік жобалардың қажеттігін айтты. Оларды жүзеге асырғанда экономикалық даму және адамдарға жұмыс болатыны белгілі. Жақын арада облыста индустрияландыру бағдарламасы қайта қаралатын болады.
9 айда облыс өңірінде өндірістік кәсіпорындар жұмысында төмендеу болғанымен ауыл шаруашылығында ырғақты алға басу байқалған.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 15 Қазан, 2015
Қостанайда кен өндіру кәсіпорындары құлдырай бастады

Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03