АСТАНА. 21 мамыр. Жыл басынан бері елімізде 73 жасөспірім өз-өздеріне қол салған. Бұл жөнінде Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне сілтеме жасап, zakon.kz хабарлады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінің ақпараттық жүйесі таратқан деректерге сүйенсек, 2015 жыл басталғалы бері Қазақстанда 1 126 тұрғын өз-өздерін өлтірген. Олардың арасында 73-і кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек.
Комитет ұсынған есепте 2013 жылы жасөспірімдер арасында 292 өз-өзіне қол жұмсау дерегі тіркелгені айтылған. Былтыр бұл сан 192-ге кеміген. Бұл өткен жылы балалар арасында өз-өздеріне қол салу оқиғаларының азайғанын көрсетеді. Ал биылғы 1 қаңтар мен 18 мамырға дейінгі (4 ай 18 күн ішінде) уақыт аралығында 73 жеткіншектің өлімі тіркеліп отыр.
Аталған ақпараттық жүйе келтірген деректер бойынша, елімізде 18 мамырға дейін 1 126 суицид жасалса, өткен жылғы осы мерзімде 991 өз-өзін өлтіру оқиғасы тіркелген. Яғни, 2014 жылмен салыстырғанда биыл бұл дерттің өрши түскені анық байқалады.
Былтыр елімізде 2 957 адам өздеріне қол салған болса, 2013 жылы – 3 251, ал 2012 жылы – 3 055 суицид дерегі тіркелген. Статистика бойынша 35 пен 44 жас аралығындағы ер азаматтар суицидке жиі барады.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: zakon.kz.
• 21 Мамыр, 2015
Жыл басынан бері елімізде 73 жасөспірім өз-өздеріне қол салған

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше