АСТАНА. 3 шілде. Кеше футболдан УЕФА Еуропа лигасына іріктеу кезеңінің бірінші ойындары ойналды. Бұл сында ел намысын үш бірдей командамыз қорғауда. Олар: «Ақтөбе», «Ордабасы» және «Қайрат». Алғашқы екеуі кездесулерін өз алаңдарында өткізсе, «Қайрат» Сербияға қонаққа барды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
«Ордабасы» (Шымкент, Қазақстан) – «Бейтар» (Иерусалим, Израиль) 0:0
Шымкентте «Ордабасы» Израильден келген «Бейтар» командасын қабылдады. Қарағандының «Шахтерын» жаттықтырған кезінде негізінен қорғанысқа ден қоятын маман Виктор Кумыков бұл жолы «Ордабасы» ойыншыларын шабуылға жіберді. Оның бұл тәсілі өз жемісін беріп, шымкенттіктер бірінші таймда бірнеше өткір шабуылдар ұйымдастырды. Бұл ретте «Ордабасы» сапындағы өзбекстандық легионер Александр Гейнрихтің ойын өрнегін ерекше айтып өткен жөн.
Екінші таймда да алаң иелерінің басымдығы байқалды. Дегенмен, төрешінің ысқырығы естілгенге дейін есеп ашылған жоқ. Матч барысында шымкенттіктер 14 рет қақпаға соққы жасаса, қарсыластар 6 мәрте нысанаға доп бағыттап көрді.
«Ақтөбе» (Ақтөбе, Қазақстан) – «Нымме Калью» (Таллин, Эстония) 0:1 (0:0)
Гол: Атсу Пурье 72.
Келесі ойын Ақтөбеде ойналды. Жергілікті «Ақтөбе» Эстониядан келген «Нымме Калью» командасымен күш сынасты. Барлық статистикалық көрсеткіштер бойынша ақтөбеліктер басым болғанымен, ойын нәтижесі қонақтардың пайдасына 1:0 болып тіркелді. Қарымта шабуылдардың бірінде эстондар қорғаушыларымыздың қателігін ұтымды пайдаланып кетті. 72-минутта соғылған сол гол ойын тағдырын шешті.
«Црвена Звезда» (Белград, Сербия) – «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) 0:2 (0:1)
Голдар: Жерар Гоу 45, Ермек Қуантаев 64.
Ал «Қайрат» Сербияда сол елдің даңқты командасы «Црвена Звездаға» қарсы алаңға шықты. Ойын бірден қонақтардың шабуылымен басталды. Матчтың 2-минутында қақпашымен бетпе-бет келген «Қайрат» шабуылшысы Жерар Гоуды қорғаушы Саво Павичевич рұқсат етілмеген әдіспен тоқтатты. Нәтижесінде төреші бірден қызыл қағаз көрсетіп, оны алаңнан қуды.
Бұл жайт «Црвена Звезданың» ойын жоспарына айтарлықтай өзгеріс әкелді. Ал «Қайрат» ойыншылары басымдықты өз қолдарына алып, матч соңына дейін бірінші нөмірмен ойнады. Нәтижесінде алматылықтар әр таймда бір голдан соғып, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, қарсыластар 9 шілдеде қарымта ойындарын өткізеді. Ол кезде ережеге сәйкес «Қайрат» өз алаңында ойнаса, «Ақтөбе» мен «Ордабасы» қонаққа барады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: sports.kz.

Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37