ӨСКЕМЕН. 15 қазан. Өскеменде «Торпедо» хоккей командасының хоккейшісі Евгений Фадеевтің 30 жастағы әйелі Мария өз пәтерінде кісі қолынан қаза болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Әзірге полиция қызметкерлері орын алған оқиға туралы тарқатып айтпаса да, Мария Фадеева тонау мақсатында өлтірілуі мүмкін деген болжамдар бар.
Марқұмның туыстарының бірі әлеуметтік желіге жариялаған жазбасында оны өз пәтерінде торуылдап, балалардың үйде жоқтығын, жалғыз екенін білгендіктен өлтіргенін және үйдегі барлық ақша мен карточкаларды алып кеткенін мәлімдеген. Қалалық интернет-форумдарының бірінде әйелді тұншықтырып өлтіргені жайлы да сөз болып отыр.
«Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 1 бөлімінің 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аса ауыр қылмысты ашу шаралары бойынша кешенді шаралар жүргізілуде», – деді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы Бақытжан Торғаев.
Мария Фадеева – қазақстандық белгілі хоккей жаттықтырушысы Владимир Беляевтің қызы. Ол өзі де спортпен белсенді түрде шұғылданған. Көркем гимнастикада біршама табыстарға жеткен. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды бітіріп, жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Марияның туған ағасы Максим де әке жолын жалғап, хоккейші болды. Күйеуі де белгілі хоккейшілердің бірі. Соңғы жылдары Астанада тұрды. Евгений Фадеев астаналық «Барыс» командасы сапында ойнады. Мария екі бала тәрбиеледі. Үлкен ұлы жақында ғана жеті жасқа толды.
Жарты жылдай уақыт бұрын Евгений Фадеев отбасымен Өскеменге қайта оралып, жергілікті «Торпедо» командасының капитаны болған еді. Таяуда ғана клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында хоккейші ойыннан тыс уақытының барлығын отбасына арнайтынын айтқан болатын.
Думан Анаш.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: уk.kz.
• 15 Қазан, 2015
Өскеменде белгілі хоккейшінің әйелі кісі қолынан қаза болды

Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03