АСТАНА. 21 мамыр. Мемлекет басшысы VIII Астана экономикалық форумына қатысуға келген Литва премьер-министрі Альгирдас Буткявичюспен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесу барысында екіжақты, соның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.
Елбасы 2007-2009 жылдардағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысқа жауап ретінде ұйымдастырылған форумға қатысатыны үшін Литва премьер-министріне алғыс айтты.
«Форумға 90 елден келген 3 000 делегат қатысады. Біз Қазақстанның инфрақұрылымдық және индустриялық даму тұрғысынан қабылдап жатқан шаралары мен жүзеге асырып жатқан өзге де бағдарламалары туралы айтпақ ниеттеміз», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің арасындағы саяси диалог пен экономикалық ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
«Литвамен әрқашан жақсы қарым-қатынаста болдық. Сіздің сапарыңыз ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қызмет етеді деп үміттенемін», – деді Президент.
Альгирдас Буткявичюс екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.
«Қазақстан Литваның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі болып саналады», – деді ол.
Литва премьер-министрі сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевты ел Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, Қазақстанның алға қойған барлық мақсаттарына жететініне сенімділік білдірді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 21 Мамыр, 2015
Елбасы Литва премьер-министрі Альгирдас Буткявичюспен кездесті

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше