ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қазан. Қызылорда облысы буферлік аймақтан шығуға толық дайын. Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов журналистерге арнап өткізген баспасөз мәслихатында осылай мәлімдеді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының ветеринарлық қызметтерінің 2011 жылғы 11 наурыздағы шешіміне сәйкес аусыл індетіне қолайсыз Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай мемлекеттеріне көршілес Қазақстанның 5 облысы буферлік аймаққа жатқызылып, бұл облыстардан еліміздің басқа аймақтары мен Кеден одағына мүше мемлекеттерге аусылға бейім ауыл шаруашылығы жануарлары мен олардың шикі ет өнімдерін шығаруға тыйым салынған болатын.
Содан бері облыс аумағын буферлік аймақтан шығару мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Биылғы жылдың өзінде аусыл індеті бойынша бекітілген жоспарға сәйкес, 480 бас малдың қан құрамына лабороториялық зерттеулер жүргізіліп, қуантарлық нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ, қазан айының 8-11 аралығында Халықаралық Эпизоотиялық Бюросының бас директоры Бернард Валл Астана қаласына іссапармен келіп, Премьер-министр Кәрім Мәсімовпен және Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбековпен кездесуі барысында буферлік аймақтағы 5 облысқа вакцина қолданылатын аусылдан таза аймақ статусын беру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталған болатын. Ғылыми кеңестің оң шешімі 2015 жылғы 6 қарашада Алматы қаласында өтетін ІІІ Халықаралық ветеринарлық конгрессінде алынады деп күтілуде. Содан кейін барып 2016 жылдың мамыр айында Париж қаласында өтетін ХЭБ 84-Ассамблея делегаттарының қарауына ұсынылмақ.
Қызылорда облысының етті экспорттауға әлеуеті жеткілікті. Бұл бағытта жасалып жатқан жұмыстар ауқымды. Мәселен, қазіргі таңда облыста 2 200 басты бордақылауға арналған 18 алаң бар. Сондай-ақ, Сырдария ауданында 3 мың басқа және Қазалы ауданында 500 басқа арналған мал бордақылау алаңы салынып жатыр. Келер жылы Жалағаш ауданында 3 мың басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы басталатын болады.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: syrboyi.kz.

Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03