Петропавл. 2 сәуір. Дубайда орналасқан Біріккен Араб Әмірлігіндегі ірі азық-түлік желілерінің бірі «LuLu» супермаркетінде Қазақстан Республикасының елшілігі Президент Н. Назарбаевтың отандық өнімдерді насихаттау жөніндегі бастамасына орай «Қазақстанда жасалған» роуд-шоуын ұйымдастырды. Ондағы таныстырылымда Солтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің азық-түлік өнімдері зор қызығушылық тудырды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақ басшысының бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров жетекшілік еткен делегация құрамына тамақ өнеркәсібі саласында сыртқы экспортқа шығып жүрген «Сұлтан», «Сүт», Мукомол», «Дружба», «Перспектива» секілді жетекші шаруашылықтар өкілдері еніп, экспозицияның ірі аумағын иеленді. Супермаркетке келушілер тарапынан сөрелерге қойылған азық-түлік түрлеріне, оның ішінде, макарон, ұн, бал өнімдеріне сұраныс мол болып, сапалылығымен, бағаның қолжетімділігімен ерекшеленді. «Солтүстікқазақстандық делегация 29 наурызда іссапармен БАӘ-не аттанған болатын. 3 сәуірге дейін «Қазақстанда жасалған» акциясына, «роуд-шоу» шарасына қатысып, іскер өкілдермен кездеседі. Ондағы мақсат–гипермаркеттер желісі басшыларымен келіссөз жүргізіп, БАӘ мен Таяу Шығыстағы елдер нарығына қазақстандық өнімдерді сату мәселесін қарастыру. Бізге жеткен ақпараттар бойынша акцияның жоғары деңгейде өткені , шетел кәсіпкерлерінің біздің өнімдерге үлкен қызығушылық танытқаны байқалады.»,– дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жанар Мұсақұлова. Өмір Есқали. Дерек: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Сурет: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
