«Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы Сирияның Пальмира қаласын басып алды. Бұл туралы euronews.com хабарлады.
Сирия әскері «Ислам мемлекеті» қарулы жасағының шабуылына тойтарыс бере алмай, Пальмира қаласын тастап кетуге мәжбүр болды. Қала үшін кескілескен ұрыс бірнеше күнге созылды. Бақылаушылар Пальмира қаласының ешқандай стратегиялық маңызға ие емес екенін айтқан еді. Дегенмен, олар лаңкестік топ мұндағы сирек кездесетін тарихи ескерткіштерді жойып жібереді деп қауіптенді.
Сирия билігі қаладан жүздеген көне ескерткішті алып шыққан. Алайда, ескерткіш-мүсіндердің біразын шығару мүмкін болмай тұр. Көне жәдігерлер жөніндегі Сирия мамандары бұл жағдайға халықаралық қауымдастықтың араласуын сұрап отыр. «Бұл – халықаралық соғыс. Егер «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы жеңіске жетсе, ол Сирия халқының ғана жеңілісі болып саналмайды. Бұл Америка, Қытай, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері мен бүкіл халықаралық қауымдастықтың да жеңілісі», – дейді көпке үндеу тастаған жергілікті мамандар.
Пальмира – ЮНЕСКО-ның тарихи мұралар тізіміне енген қала. Көне шаһар атауы туралы алғашқы деректер біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтарда кездеседі. Қақтығыс басталмай тұрғанда қала Сириядағы ең басты туристік орталықтың бірі саналған еді. Соғыс салдарынан мұндағы тарихи ескерткіштер қатты зақымданды. Енді көне қалаға жойылып кету қаупі төніп тұр.
Еламан Қоңыр.
Дерек: euronews.com.
Сурет: ria.ru.
• 21 Мамыр, 2015
«Ислам мемлекеті» Сирияның Пальмира қаласын басып алды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше