ҚЫЗЫЛОРДА. 21 мамыр. Республика көлемінде «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Шара аясында автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыру мақсатында Қызылорда қаласында әкімшілік полиция басқармасының жол патрульдік полиция рота инспекторлары мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен рейдтік шара ұйымдастырылды.
Рейд барысында 7 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Мәселен, кешкі сағат 19:30-да қала орталығындағы Қазыбек би–Қазантаев көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін «Газель» автокөлігі тоқтатылды. «Газельдің» жүргізушісіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 600-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, алдағы уақытта жол қозғалысы ережелерін сақтап, жол қозғалысына қатысушыларын сыйлау керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ал, дәл осы көшелердің қиылысында «Фольксваген Пассат» маркалы автокөлігі жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін тоқтатылып, жүргізуші атына әкімшілік хаттама толтырылды.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 21 Мамыр, 2015
Рейдтік шара барысында жеті жүргізуші жазаланды (фото)

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше