АСТАНА. 21 мамыр. Кеше футболдан Қазақстан кубогының ширек финалдық бәсекелері өтті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Төрт кездесу де тартысқа толы болды. Әсіресе, Көкшетауда өткен жергілікті «Оқжетпес» пен «Ақтөбе» арасындағы матч ерекше есте қалды. Алаң иелері соңғы минутқа дейін белсенділік танытқанымен, сәттілік жолдас болмады.
Сонымен қатар, Алматыдағы «Қайрат» пен «Тараз» арасындағы ойын да жанкүйерлердің көңілінен шықты. Премьер-лигада өз алаңында өткізген соңғы 2 ойында жеңілген «Қайрат» бұл матчқа ерекше жауапкершілікпен қарады. Нәтижесінде қарсыласын ірі есеппен жеңіп, жарыстың жартылай финалына шықты.
Негізгі уақытта «Қайсармен» тең ойнаған (1:1) «Астана» қосымша екі таймда жеңіс голын соғып, келесі кезеңнің жолдамасын иемденді. Сондай-ақ, өз алаңында «Жетісудың» қақпасына жауапсыз 2 гол соққан «Тобыл» да кубоктан үмітін үзген жоқ.
Ширек финалдық ойындардың нәтижелері.
«Тобыл» (Қостанай) – «Жетісу» (Талдықорған) – 2:0 (1:0)
Голдар: Шимкович 6, Дели 83.
«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 2:3 (1:3)
Голдар: Роткович (пенальти) 25, Азовский 90 – Пиззели 20, Жулпа 41, Данило 45+1.
«Қайсар» (Қызылорда) – «Астана» (Астана) – 1:2 (1:0)
Голдар: Юнузович 45 – Твумаси 69, 110.
«Қайрат» (Алматы) – «Тараз» (Тараз) 4:1
Голдар: Гоу 6, 58, Исламхан 13, Көкеев 87 – Мухутдинов (пенальти) 62.
Жартылай финалдағы қарсыластар жеребе арқылы анықталады. Бұл саты екі ойыннан тұрады. Алғашқы кездесу 2 маусымда өтсе, қарымта ойындар 23 қыркүйекке жоспарланған.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: kpfl.kz.
• 21 Мамыр, 2015
Футбол. Қазақстан кубогы. Жартылай финалға шыққандар белгілі

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше