АСТАНА. 20 мамыр. Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Ұлттық комиссия төрайымы аталған меморандумға қол қою Қазақстан үшін елеулі оқиға екенін, себебі, ел халқының 52 пайызын әйелдер құрайтынын атап өтті. Осыған орай, қазақстандық әйелдердің орасан зор әлеуетін, сондай-ақ, отандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарды, халықаралық әйелдер ұйымдарын жан-жақты іске қосу ұлттық комиссияның басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысы тарапынан «ЭКСПО-2017» көрмесін дайындау және өткізу кезінде отандық экономиканың, әсіресе шағын және орта бизнестің ресурстарын барынша пайдалану жөнінде тапсырма берілгеніне назар аударды.
Атап айтқанда, ұлттық комиссия жасыл технологияларды пайдалану арқылы пилоттық жобаларды іске асыру, инновациялық энергия жинақтаушы технологиялармен айналысатын әйелдер қоғамдастығын «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға тарту жұмыстарын жандандырып отыр.
Соңында Мемлекеттік хатшы меморандум жасыл экономиканы, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туғызатынын атап өтті.
Еламан Қоңыр.
Дерек: akorda.kz.
Сурет: inform.kz.
• 20 Мамыр, 2015
Мемлекеттік хатшы мен ұлттық компания басшысы меморандумға қол қайды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше