ӨСКЕМЕН. 14 қазан. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Жарма ауданының әкімі болып Нұрлан Батташұлы Сыдықов тағайындалды. Активке таныстыру барысында облыс әкімі жаңа басшыны ауданның ерекшеліктерін ескере отырып тағайындағанын жеткізді. Бұл туралы еgemen.kz тілшісі хабарлады.
Нұрлан Сыдықов 1958 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. 1980 жылы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын Семей қаласындағы «Алтайзолото» тау-кен байыту комбинатының жобалау-құрастыру бөлімінің механика-энергетикалық бюросының инженері болудан бастады. Аталған кәсіпорында түрлі қызметте 1991 жылға дейін еңбек етті. 1993 жылға дейін Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, қала әкімдігінде аппарат жетекшісі болды. 2011 жылға дейін жеке секторда түрлі қызметте жұмыс істесе, 2011 жылдың тамыз айынан бастап облыстық «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы болды. 2013 жылдың маусым айынан осы уақытқа дейін Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарды.
Ал Жарма ауданының бұрынғы әкімі Әнуарбек Мұхтарханов биылғы жылы 23 қыркүйекте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланған болатын.
Думан Анаш.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 14 Қазан, 2015
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданына әкім тағайындалды

Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21