АСТАНА. 26 тамыз. Бүгін «Астана» футбол командасы УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесі шеңберінде қарымта кездесуін өткізеді. Аталған сында елордалықтардың қарсыласы Кипрдің АПОЕЛ командасы екені белгілі. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Кипрдің Никосия қаласында ойналатын ойын Астана уақытымен сағат 00:45-те басталады. Матчты «Таң» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, Астана қаласының әкімдігі шаһардағы «Қазмедиа» орталығының алдында орналасқан үлкен экрандар арқылы да онлайн-көрсетілімдер ұйымдастыруды көздеп отыр.
Қос команда арасындағы алғашқы ойында «Астана» 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. «Астана Арена» спорт кешенінде өткен сол кездесуде соғылған жалғыз гол Бауыржан Жолшиевтің атына жазылды. Сондықтан бүгінгі матчта біздің командаға топтық сайысқа жолдама алу үшін кез келген тең нәтиже жеткілікті.
Сонымен қатар, бүгін АПОЕЛ – «Астана» ойынынан бөлек, турнир шеңберінде тағы төрт қарымта кездесу өтеді. Ол сында мына командалар тартысқа түседі:
«Партизан» (Белград, Сербия) – БАТЭ (Борисов, Беларусь)
«Байер» (Леверкузен, Германия) – «Лацио» (Рим, Италия)
«Брюгге» (Брюгге, Бельгия) – «Манчестер Юнайтед» (Манчестер, Англия)
ЦСКА (Мәскеу, Ресей) – «Спортинг» (Лиссабон, Португалия)
Айта кетейік, өткен түнде іріктеу турнирі арқылы Чемпиондар лигасының топтық сайысына жолдама алған алғашқы бес команда белгілі болды. Ол туралы мына жерден біле аласыздар.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: footboom.kz.
• 26 Тамыз, 2015
Чемпиондар лигасы. Бүгін «Астана» АПОЕЛ-мен қарымта кездесу өткізеді

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше