АСТАНА. 20 мамыр. Германияның Ганновер қаласында мыңдаған тұрғын әуе бомбасының табылуына байланысты қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Ганноверден Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жарылмай қалған әуе бомбалары табылған. Осыған орай қаланың 30 мыңнан астам тұрғыны 19 мамыр күні кеште қауіпсіз жерге көшірілді. Қала тұрғындары үйлеріне жарылғыш заттар залалсыздандырылғаннан кейін ғана орала алады.
Жергілікті баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, салмағы 250 кг. болатын бомба жер астында 70 жыл бойы жатқан. Қауіпті зат бұрынғы жоғарғы оқу орны ғимаратын бұзу кезінде табылған. Мамандар бомбаның қаншалықты қауіпті екенін нақты айта алмай отыр.
Жалпы, Германияда соғыс кезінен жарылмай қалған жарылғыш заттар жиі табылып жатады. Себебі, соғыс жылдары Ганновер одақтастардың ең басты әуе нысаны болғаны белгілі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұл қалаға тасталған жарылғыш заттың саны 100 мыңнан асып жығылады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: BBC.
Сурет: newsfiber.com.
• 20 Мамыр, 2015
Германияда бомбаға байланысты 30 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше