ПЕТРОПАВЛ. 19 мамыр. Пара алды деген күдікпен тұтқындалып, түрмеге тоғытылған басқарма басшысының туған-туыстары облыс орталығында қарсылық митингісін өткізді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Олар Петропавлдың әкімдігінен жиын өткізуге заңды рұқсат алғаннан кейін осындай ұйғарымға келіпті. Бұған дейін жиын-шерулер ұйымдастыруға келісім беріп көрмеген әкімдіктің бұл қадамы шенеунік жазықты емес деген ойды құптағандай сезіледі. Облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Ратмир Усманов Мамлютка қаласында тұратын кәсіпкер Мұрат Хорсиевтен 10 мың доллар бопсалағаны үшін 6 жылға сотталған болатын. М. Хорсиев те 4 жыл мерзімге жазаға кесілген. Алайда, екеуі де сот үкімімен келіспей жоғарғы инстанцияға шағым түсірді. Ендігі үміттері – кассациялық сот.
Сөз арасында осы қылмыстық іс бойынша облыстық, аудандық деңгейдегі бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, облыстың әкімі мен құрылыс істеріне жауапты орынбасары қызметтерінен аластатылғанын айта кеткен жөн.
«Қаржы полициясы менің ұлымның сөзі жазылған таспаны монтаждаған. Салдарынан ақшаны қарызға алдым деген сөздердің бәрі өшірілген. Бізде досыңнан қарыз алғаның үшін де соттайды. Бұл – барып тұрған әділетсіздік!», дейді Ратмирдың анасы Суфия Усманова.
Өмір Есқали.
Дерек: КТК телеарнасы.
Сурет: egemen.kz
• 19 Мамыр, 2015
Петропавлда парамен сотталған шенеуніктің туыстары митинг өткізді

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше