Сенбі күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкіметтің селекторлық отырысын өткізді. Отырыста жаңа экономикалық саясатқа көшу жағдайындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері қаралды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Орта мерзімді перспективада экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жоспары талқыланды, сондай-ақ, Үкімет пен Ұлттық банктің инфляциялық таргеттеуге көшу жағдайындағы шұғыл шаралары мақұлданды.
Ұлттық экономика министрі Е.Досаев атап өткендей, Шұғыл шаралар жоспары бес бағыттан тұрады. Жоспар тұтастай экономиканы да әрі оның жекелеген салаларын да қорғауға бағытталған.
Жоспарға сәйкес, Үкімет пен Ұлттық банктің қызметі экономиканың нақты секторын қолдауға, жеке инвестиция тартуды ынталандыруға, жұмыспен қамтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, қаржылық тұрақтылықты ұстап тұруға, Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалануға, сондай-ақ, республикалық бюджет теңгерімдігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Министр «қаржы ресурстары шектеулі болып отырған жағдайда қаражат басым бағыттарға қайта үлестіріліп, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды қаржыландыруды оңтайландыру жалғасын табады және аяқталады», деп атап өтті. Сонымен қатар, Е.Досаев «Шұғыл шаралар жоспары әлеуметтік маңызды тауарларға бағаның өсуіне жол бермеу, жеке тұлғалар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының мерзімді депозиттері бойынша өтемақы төлеу механизмімен толықтырылатынын» атап көрсетті.
Жоспарға сондай-ақ, өнеркәсіп кәсіпорындарын, тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған топтарын қолдау және жұмыспен қамту бойынша жедел шараларды қамтитын өңірлік блок та қосылған.
«Шұғыл сипаттағы басқа да амалдарды, соның ішінде, жалпы алғанда экономиканың нақты секторындағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған сыртқы сауданы реттеудің тарифтік емес әдістерін, ішкі нарықты қорғау амалдарын іске асыру қарастырылып отыр», деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, Үкімет мүшелері әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасының көтерілуіне жол бермеуді қарастыратын кешенді шараларды талқылады. Олар аталған тауарлардың маңыздылығын анықтап, жосықсыз бәсекелестердің жолын кесіп, монополияға қарсы бақылау шараларын қарастырмақ. Оған қоса, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев аймақ басшыларына тұрақтылық қорлары арқылы тауар интервенциясын жүргізу және тұрақты түрде ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізіп тұру керектігін айтты.
«Одан басқа, әлеуметтік маңызды тауарлар бағасына күнделікті мониторинг жүргізіліп, жылдың аяғына дейін базарларда әлеуметтік маңызды тауарларға талдау жасалады. Баға бәсекесінің дамуына кедергілер анықталатын болады», деп түйіндеді Е.Досаев.
Отырыс соңында Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдар басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
• 25 Тамыз, 2015
Жаңа экономикалық саясатқа көшу жоспары мақұлданды

Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43