ҚЫЗЫЛОРДА. 19 мамыр. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аппарат мәжілісінде биыл мектеп бітіруші түлектердің автошеру ұйымдастыруына қатаң тыйым салу керектігі жайында білім және ішкі істер салаларының басшыларына тапсырма берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осы жылы облыс көлемінде 291 білім ұясынан 6 мыңнан аса оқушы мектеп бітіреді. Олар соңғы қоңырау кешінде мейрамханаларда отырыстар өткізіп, автошеру ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Мектеп бітірушілер үшін үлкен мәнге ие соңғы қоңырау, ұлттық бірыңғай тест сияқты науқандар соңғы жылдары ата-аналардың қалтасына салмақ түсіретіні жасырын емес. Дегенмен, қалтасы көтермейтін ата-аналар да бар. Осыған байланысты облыс әкімі Қырымбек Көшербаев келеңсіз жағдайларды болдырмау, әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау басты міндет екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Қырымбек Елеуұлы: «Мектеп – оқушы есінде ақша жинау орны емес, болашаққа жолдама беретін білім ордасы ретінде сақталуы қажет. Соңғы қоңырау бәсекеге толы сән жәрмеңкесі мен қауіп қатерге толы автокөлік жарыстарына, беймезгіл уақыттағы құқық бұзушылық ошағына айналмауы керек. Әрбір оқушы ата-анасының байлығымен, лауазымымен емес, өзінің білімімен, талабымен, болашаққа талпынысымен мақтанатын болсын»,– деді.
Әлеуметтік теңдікті сақтап, қауіпсіздік шараларын қолға алу мақсатында биыл автошерулерге, ретсіз қаражат жинауға тыйым салынбақ. Ол үшін барлық жауапты органдарга тиісті тапсырмалар берілді.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: youtube.com.
• 19 Мамыр, 2015
Қызылордада мектеп түлектеріне автошеру жасауға тыйым салынды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше