АҚТАУ. 19 мамыр. Маңғыстау облысында қақпанға түскен леопардтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында қақпанға Орта Азияны мекендейтін леопард түскен болатын. Оқиға «Кендірлі-Қаясан» табиғи қорығында болған. Жергілікті шаруа қожалығының шопандары малдары жоғала берген соң, далаға қақпан құрады. Алайда, қақпанға қойшылар ойлағандай қасқыр емес, леопард түскенін көріп, қорықтың инспекторларына хабар берген. Құрсаудан босатпақ болғанда жыртқыш инспекторға тап береді. Осы кезде жыртқыш мылтықпен атып өлтіріледі. Ал леопард шабуылдаған инспектор бүгінде ауруханада жатыр.
Жойылып бара жатқан бұл аңның саны қазір әлем бойынша мыңға да жетпейді. Орманды мекендейтін леопард Маңғыстауға Түрікменстан қорығынан ауып келуі мүмкін деген болжам айтылуда.
Қазіргі таңда аталған оқиғаға қатысты «заңсыз аң аулау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Әдейі атқан болса, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал өзін қорғау мақсатында атса, айыппұл төлейді. Мұны сот шешеді», – дейді Маңғыстау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының көмекшісі Аслан Қожиев.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 19 Мамыр, 2015
Маңғыстауда леопардты өлтірген адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше