Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің, Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Ертас Мұратбековтің және Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызының қатысуымен «Конфессияаралық келісім – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» тақырыбында брифинг болып өтті.
Дін саласындағы уәкілетті органның төрағасы Дін істері комитетінің жұмысы Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленген міндеттерді, «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарында айтылған ойларын іске асыру шеңберінде мемлекет пен қоғамымыздың тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау мен нығайтуға, конфессияаралық ауызбіршілікті нығайта түсуге, зайырлы және дәстүрлі ұлттық, діни-рухани құндылықтарымызды кеңінен насихаттауға жұмылдырылып отырғанын атап көрсетті. Елімізде дәйекті мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қарым-қатынас орнатылған. Осының көрінісі ретінде елімізде берік орныққан ұлтаралық және конфессияаралық келісім әлемде «Қазақстан жолы» ретінде танылған. Ғалым Шойкин: «...Бұл – мемлекеттің дін саласында жүргізіп отырған саясатының жемісі» және «Қазақ халқының тегінде бар бауырмалдық пен төзімділіктің нәтижесі», деп атай отырып, бұл, өз кезегінде, еліміздің дамуының бүгіні мен болашағына берік іргетас қалайтынын көлденең тартты. Одан кейін сөз алған Айнұр Әбдірәсілқызы дәстүрлі рухани-өнегелілік құндылықтарды жаңғырту және зайырлылық қағидаттарын ілгерілету бағытында іске асырылып отырған жұмыстарды баяндаса, Ертас Мұратбеков Елбасы бастамасымен құрылып, бүгінгі күнде әлемдік деңгейдегі үнқатысу алаңы ретінде танылған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің мәні мен маңызына жан-жақты тоқталып, биылғы жылғы 10-11 маусымда елордамыз Астанада өтетін V съезге дайындық жұмыстары туралы айтып өтті. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • 22 Сәуір, 2026
СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • 22 Сәуір, 2026
Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • 22 Сәуір, 2026
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • 22 Сәуір, 2026
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • 22 Сәуір, 2026
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • 22 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • 22 Сәуір, 2026
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • 22 Сәуір, 2026