АСТАНА. 25 тамыз. Қытай астанасы – Бейжің қаласында өткізіліп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында отандасымыз, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова үш қарғып секіру сайысы бойынша қола жүлдегер атанды. Ол соңғы мүмкіндігінде 14,77 метрге секіріп, басты бәсекелесі болгар Габриела Петровадан 11 сантиметрге артық нәтиже тіркеді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Сайыстың жеңімпазы ретінде колумбиялық Катрин Ибаргуэн атанды. Оның көрсеткіші 14,90 метр. Ал күміс жүлде Израильден келген Анна Князова-Миненкоға бұйырды (14,78 метр).
Рыпакова әлем чемпионатындағы бұл жүлде Рио-де-Жанейро Олимпиадасы қарсаңында өзіне деген сенімділікті күшейтіп, жігерін арттыратынын айтты.
«Биылғы маусымға дайындық көңілдегідей болмады. Оған жарақаттарым себеп болды. Сондықтан Бейжіңде 14,77 метрді бағындырамын деп мүлдем ойлаған жоқпын. Бұл көрсеткіш келесі жылғы Олимпиадада жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін күш беретінін айтқым келеді», – деді Ольга Ресейдің ақпарат құралдарына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Бейжіңдегі әлем чемпионаты 30 тамызда аяқталады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: yvision.kz.
• 25 Тамыз, 2015
Жеңіл атлетика. Ольга Рыпакова – әлем чемпионатының қола жүлдегері!

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше