25 Тамыз, 2015

Қазақстан премьер-лигасы. «Қайрат» «Ертісті» ірі есеппен жеңді

308 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
24-08-2015-kpl suret 01АСТАНА. 25 тамыз. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 24 туры шеңберінде бір ойын ойналды. Алматыда жергілікті «Қайрат» Павлодардың «Ертісін» қабылдап, 5:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Кездесу аса тартысты өтті. Ойынның 7-минутында қонақтар есеп ашып үлгерді. Голдың авторы – Эвандро Ронкатто. Арада 8 минут уақыт өткенде Исламбек Қуат мергендігімен көзге түсіп, таразы басын теңестірді. Үзіліске дейін осы есеп өзгерген жоқ. Бұл жолы «Қайраттың» бас жаттықтырушысы Владимир Вайсс алаңға негізгі құрамды шығармағанын айта кетейік. Оған команданың Еуропа лигасы іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесінде сынға түсуі себеп. Екінші таймда да «Ертіс» ойыншылары белсенді қимылдады. Тіпті 56-минутта қонақтар сапынан Алассан Н'Диайе нәтижелі соққы жасап, павлодарлықтар тағы да есепте алға шықты. Осы голдан кейін Вайсс алаңға команданың сұрмергені Жерар Гоуды шығарды. Жаттықтырушының бұл қадамы өз жемісін беріп, ивуарлық шауылшы бас-аяғы 7 минуттың ішінде дубльдің авторы атанды. Атап айтқанда, ол 68 және 75-минуттарда қарсыластарының қақпасын дәл көздеді. Осы голдардан кейін алаң иелерінің ойынына қан жүгіріп, ширақтық таныта бастады. Нәтижесінде ойын соңына дейін Давид Лория қорғаған «Ертістің» қақпасына тағы екі доп енгізді. 78-минутта Ермек Қуантаев есепті 4:2-ге жеткізсе, кездесудің нүктесін 87-минутта Джордже Деспотович қойды. Бұл жеңісінен кейін «Қайрат» ұпай санын 26-ға жеткізіп, турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Ал «Ертіс» әзірге 6-орында келеді. 24-тур шеңберіндегі қалған ойындардың нәтижелерін премьер-лига біле аласыздар. «Қайрат» (Алматы) – «Ертіс» (Павлодар) 5:2 (1:1) Голдар: Исламбек Қуат 15, Жерар Гоу 68, 75, Ермек Қуантаев 78, Джордже Деспотович 87 – Эвандро Ронкатто 7, Алассан Н'Диайе 56. Осы ойынның қорытындысы бойынша турнир кестесі 24-08-2015-keste 01 Үздік мергендер:
  1. Жерар Гоу («Қайрат») – 20 гол;
  2. Лука Роткович («Оқжетпес») – 11 гол;
  3. Душан Савич («Жетісу») – 9 гол.
25- тур ойындары 12-13 қыркүйекте ойналады. Аталған турдағы қарсыластар төмендегідей: «Атырау» – «Қайрат» «Ертіс» – «Ақтөбе» «Ордабасы» – «Астана» «Тараз» – «Оқжетпес» «Қайсар» – «Тобыл» «Шахтер» – «Жетісу». Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: vk.com.