АСТАНА. 19 мамыр. АҚШ-тың атақты кәсіпқой боксшысы Флойд Мэйвезер Геннадий Головкиннің арқасында қомақты ұтысқа ие болды. Бұл туралы sovsport.ru хабарлады.
«Ақша» деген лақап аты бар Мэйвезер 17 мамырда өткен Головкин мен Вилли Монро арасындағы жекпе-жекке бәс тіккен. Аталған кездесумен қатар ол «Клипперс» пен «Рокетс» командалары арасындағы баскетбол матчына да болжам жасаған. Екі спорттық шараға 350 000 доллар тіккен боксшы нәтижесінде 827 000 доллар ұтып алды. Бұл жөнінде спортшы бәс тіккен есеп қағазының суретін ғаламторға жариялаған кезде белгілі болды.
Айта кетейік, Флойд Мэйвезер 2 мамырда Филиппин боксшысы Мэнни Пакьяомен жұдырықтасып, кезекті жеңісіне қол жеткізді. «Ғасыр жекпе-жегі» атанған сол кездесуде америкалықтың сыйақысы 120 миллион долларды құрады. Ал Геннадий Головкин Монромен жекпе-жегі үшін 1,5 миллион доллар алды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: sovsport.ru.
Сурет: mmaboxing.ru.
• 19 Мамыр, 2015
Флойд Мэйвезер Головкиннің арқасында қомақты ұтысқа ие болды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше