АСТАНА. 19 мамыр. Италия астанасы – Римде үй-күйсіз жүрген келімсек өз-өзіне қол жұмсамақ болған адамды ажалдан аман алып қалды. Осы ерлігі үшін ол аталған елде тұрақты тұруға рұқсат беретін құжатқа қол жеткізді. Бұл туралы rt.com хабарлады.
Собудж Халифа есімді 32 жастағы келімсек Италияға Бангладештен келген. Тұрақты мекені жоқ, шекараны заңсыз қиып өткен ол көпірден секірген Израиль азаматшасын құтқарып қалды. Өжет жігіт әйелдің артынан ойланбастан суға секіріп кеткен. Ауыр соққыдан ес-түзсіз қалған азаматшаға жүзіп барған Собудж оны жағаға шығарды.
Оқиға орнына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері келгенде Собудж Халифаның ешқандай құжаты жоқ екені белгілі болады. Кәріз жүйесін мекен еткен ол қолшатыр сатып, нәпақасын тауып жүрген.
Бангладештіктің батылдығын ескерген жергілікті билік оны заңсыз келгені үшін жазалаған жоқ. Есесіне сол елде тұрақты тұруға рұқсат берді. Тіпті алдағы уақытта билік жігіттің жұмысқа тұруына да көмектеспек.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: rt.com.
• 19 Мамыр, 2015
Италияда суицидтің алдын алған келімсек тосын сыйға ие болды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше