24 Тамыз, 2015

Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары – 2015» көрмесі өтті (фото)

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
24 08 - korme ҚЫЗЫЛОРДА. 24 тамыз. Облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары – 2015» өңірлік көрме-байқауы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сыр өңірінде өткізілген өңірлік байқауға аймақ кәсіпкерлігінің түрлі саласынан 25 тауар өндіруші қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов бастаған басшылар жергілікті тауар өндірушілердің өнімдеріне жоғары бағасын берді. Байқауға қатысушылардың өнімдерімен танысып, бағалау жұмыстарын жүргізген сарапшылардың бағалауымен төмендегі тауарөндірушілер жеңімпаз атанды: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша: 1-дәрежелі дипломмен «Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты» ЖШС; 2-дәрежелі дипломмен «Мир - 2001» ЖШС; 3-дәрежелі дипломмен «ШиеліТасОңтүстік» ЖШС. «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша: 1-дәрежелі дипломмен «УЮТ» ЖШС; 2-дәрежелі дипломмен «Қазақ соқырлар қоғамының Қызылорда оқу өндірістік кәсіпорны» ЖШС; 3-дәрежелі дипломмен ЖК «Мұрагер». «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша: 1-дәрежелі дипломмен «Арал тұз» АҚ; 2-дәрежелі дипломмен «Браунис» ЖШС; 3-дәрежелі дипломмен ЖК «Қазбергенов» марапатталды. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz.

24 08 - korme 2

24 08 - korme 3

24 08 - korme 4