АСТАНА. 24 тамыз. Астанадағы Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде футбол орталықтары директорларының қатысуымен жиын өтті. Басқосуға федерацияның бас хатшысы Азамат Айтқожин, балалар және жасөспірімдер футболы департаментінің директоры Сергей Кенетаев, Кәсіпқой футбол лигасының спорт директоры Павел Демьян және аймақтық футбол орталықтарының 7 техникалық директоры қатысты. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Федерацияның бас хатшысы орталықтарды құруды және олардың жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде техникалық директорлар футбол орталықтары мен клубтар жұмысының арасындағы қиындықтарға және инфрақұрылым мәселелеріне тоқталды. Орталықтардың толыққанды жұмысына қатысты өзге де мәселелер сөз болды.
Жиын қорытындысы бойынша футбол орталықтарының жетекшісі болып Владимир Белявский тағайындалды. Сонымен қатар, орталықтың тиімділігін арттыруға және кәсіби футболшылар даярлауға көмектесетін бірыңғай құжат қабылдануы тиіс.
Айта кету керек, футбол орталықтары 2012 жылдан бастап ашылып келеді. Қазіргі таңда еліміздің 14 қаласында 14 осындай орталық жұмыс істейді. Алдағы уақытта Ақтау мен Петропавл қалаларында да ашылмақшы.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше