ҚАРАҒАНДЫ. 24 шілде. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Шагурашид Қалиұлы Мамалинов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Шагурашид Мамалинов 1958 жылы туған. Білімі жоғары, 1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын және 2006 жылы Д. Қонаев атындағы университетті тәмамдаған. Біліктілігі бойынша - зооинженер, құқықтану бакалавры. Еңбек жолын 1975 жылы машинист болып бастаған. Қарағанды облысы Тельман ауданында (қазіргі Бұқар жырау ауданы) комсомол және партия жұмыстарында болған. Жиырма жылдан астам Тельман, Мичурин (қазіргі Абай ауданы) аудандарында ауыл шаруашылығы саласында басшы қызметтер атқарды. Бірнеше рет Қарағанды облыстық мәслихатына депутат болып сайланды (1999-2007 жж). 1999 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. 2007 жылдан мемлекеттік қызметте. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының директоры, кейін бастығы болған. 2010-2013 жж. – Бұқар жырау ауданының әкімі. 2013 жылдың маусымынан жаңа тағайындауға дейін Қарағанды облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарды. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Саясат • 24 Тамыз, 2015
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше