Фото: 24.kz
АҚШ президенті Дональд Трамп G7 саммиті барысында Ливандағы жағдай Тегеранмен арадағы уағдаластықтардың орындалуына кедергі болмайтынын айтты. Соған қарамастан Ақ үй басшысы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды Бейрутқа қатысты шешімдерде жауапкершілік танытуға шақырды.
Сондай-ақ Дональд Трамптың айтуынша, Иранмен келіссөздердің келесі кезеңінде Ормұз бұғазының жұмысы және өңірдегі қауіпсіздік мәселелері талқыланады.
Осы аптада Израиль шабуылдарының қарқыны біршама төмендеген. Бұған жуырда АҚШ пен Иран арасында қол жеткізілген келісім ықпал еткен.