Қоғам • Кеше

Бүгін 10 облыста аптап ыстық болады

1 мин
оқу үшін

Бүгін ел аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін 10 облыста аптап ыстық болады

Синоптиктердің болжауынша, елдің солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр жауады, солтүстігінде, солтүстік батысында, шығысында бұршақ жауады, шығыста дауыл соғады. Республиканың барлық аумағында жел күшеюі мүмкін. Солтүстік пен солтүстік батыста түнде және таңертең тұман болады.

Күндіз Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Атырау, Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35-40 градус қатты ыстық болжанған.

Ал Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жаңбыр жауады.

Еске салайық, бұған дейін маусым және тамыз айлары әдеттегіден ыстық болатыны туралы хабарладық. Бұл екі айда Қазақстан аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар