19 Тамыз, 2015

Шағалалармен шайқасуға шешім шығарды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
69932153_seabirds_by_nanan66d2nthzi Франция шағалаларға қарсы қарулы қарсылық көрсетуге дайындалып жатыр. Елдің солтүстік-батысында орналасқан Трувиль-Сюр-Мер қаласы осы мақсатта қазір шағалаларға қарсы соғыста қолданылатын ұшқышсыз ұшақтарды тестілеуден өткізіп жатыр. Қолдағы бар ақпаратқа қарағанда, жаңа аппарат шағалаларды тауып алып, оларға стерилизатордан сұйық себелейді. «Соңғы кездері қала шағалалары барынша қаскөй, батыл болып алды. Олар адамдардан қорқуды қойды. Бұл құстар тіпті балық жеуден де жеріді. Ұяларын да құз басына салмайтын болды. Олар қазір етқоректіге айналып, жұртпен бірге қалада тұрады. Мен бұлар бір күні кішкентай баланы ұрлап әкетіп жатса, таңғалмас едім», – деді қала мэрінің орынбасары. Бұдан басқа, жергілікті балық­шылардың сөздеріне қарағанда, қазір өктем болып алған бұл құстар өздерінің траулерлеріне шабуыл жасайтын көрінеді. Алайда, жұрт шағалаларға ештеңе істей алмай келіпті. Себебі, олар 2009 жылдан бері қорғалатын құстардың санатында тұрған екен. Енді сол тыйымды алып тастауға тура келіп жатыр. Құрыш НҰРЫМБЕТ.