19 Тамыз, 2015

Ынтымақтастық келісіміне қол қойылды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Душанбе қаласында еліміздің Әділет министрі Б.Имашев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері әділет министрлерінің үшінші мәжілісіне қатысты. Мәжіліс Тәжікстан Республикасының Әділет министрі Р.Шохмуродтың басшылығымен өтті. Аталған шараға Қытай Халық Республикасының Әділет министрі У.Айин, Қырғыз Республикасының Әділет министрі Ж.Мамбеталиева, Өзбекстан Республикасының Әділет министрі М.Икрамов, Ресей Федерациясының Әділет министрі А.Коновалов қатысты. Оның жұмысына, сондай-ақ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Д.Мезенцев және Беларусь Республикасының Әділет министрі О.Слижевский қатысып отырды. Министрлер 9-10 шілдеде Уфа қаласында (Ресей Федерациясы) ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесі саммитінің шеңберінде қабылданған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің Уфа декларациясын, 2025 жылға дейін ШЫҰ-ның даму Стратегиясын ескере отырып, басымдықтарды белгіледі және келісімдерді іске асырудың одан кейінгі жол­­­дарын талқылады. ШЫҰ шең­берінде ынтымақтастық, норма шығармашылық, нотариалдық және адвокаттық қызмет саласында, сондай-ақ азаматтық және коммерциялық істер бойын­ша халықаралық шарттар шеңберінде басқа заңгерлік қызмет, құқықтық көмек көрсету мәселері талқыланды. Мәжіліс қоры­тындысы бойынша бірлескен өтінішке және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің әділет министр­ліктері арасындағы ынтымақ­тас­тық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.