Спорт • Кеше

Астаналық гимнаст Испанияда екі медаль жеңіп алды

1 мин
оқу үшін

Астаналық гимнаст Ақмарал Ерекешева Испаниядағы клубтық чемпионатта екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Астаналық гимнаст Испанияда екі медаль жеңіп алды

Астаналық гимнаст Ақмарал Ерекешева Испаниядағы клубтық чемпионатта екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Испанияның Овьедо қаласында көркем гимнастикадан ұлттық клубтық жарыстардың ірі кезеңі – клубтық лиганың II фазасы (Liga Iberdrola), сондай-ақ мектеп оқушылары арасындағы Испания чемпионаты (CESA) аяқталды.

Ауқымды жарыстар Palacio de los Deportes аренасында өтті.
Турнирге 14 елден келген мықты спортшылар, оның ішінде халықаралық гимнастшылар қатысты.

Зейнолла Ыдырысов спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Қазақстанның намысын халықаралық аренада елордалық спортшы Ақмарал Ерекешева лайықты түрде қорғап, лента және шығыршық жаттығуларында екі қола медаль жеңіп алды.

Спортшының жетістігіне жаттықтырушы Меруерт Балғынбаева мен хореограф Саая Айдыс та өз үлесін қосты.

Соңғы жаңалықтар