Фото: istockphoto.com
Аталған дода алғаш рет үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир Солтүстік Американың 16 қаласында ұйымдастырылады.
Матчтардың басым бөлігі АҚШ аумағында өтеді. Сонымен қатар Канада мен Мексика да әлем чемпионатының маңызды ойындарын қабылдайды.
Турнирдің алғашқы матчы Мексикадағы әйгілі «Ацтека» стадионында өтеді. Ашылу ойынында Мексика құрамасы Оңтүстік Африка Республикасының командасымен кездеседі. Ал финалдық ойын АҚШ-тың Нью-Йорк қаласы маңындағы MetLife стадионында өтеді.
Әлем чемпионаты: Сауд Арабиясы жанкүйерлеріне тегін билеттер тарата бастады
2026 жылғы мундиальдің басты ерекшелігі – қатысушы командалар санының 48-ге дейін ұлғаюы болып отыр. Соның нәтижесінде турнир барысында рекордтық 104 матч өтеді. Әр елдің қалалары арнайы іріктеліп, заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген стадиондарда ойындар өткізеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің кең географиясы жанкүйерлерге әртүрлі қалаларда өтетін ойындарды тамашалауға мүмкіндік береді. Бұл FIFA тарихындағы ең ірі әрі ең көп қаланы қамтитын әлем чемпионаты болғалы тұр.
Еске сала кетейік, бұған дейін ФИФА ойындардың толық кестесін жариялаған болатын. Кестеге сәйкес, алғашқы топтық ойындар Мексика – ОАР мен Чехия – Оңтүстік Корея арасында өтеді.