Футбол • Кеше

«Ордабасы» футбол клубының атауы өзгереді

1 мин
оқу үшін

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының президенті Дархан Қызайбаев команданың ресми атауын өзгерту және ауқымды ребрендинг жүргізу жоспары туралы мәлімдеді. Клуб басшылығы бұл қадам команданың еуропалық аренадағы танымалдылығын арттыру үшін жасалып жатқанын алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ордабасы» футбол клубының атауы өзгереді

«Біз клубтың атауын өзгертуді жоспарлап отырмыз. Жаңа есімнің «FC Orda Shymkent» болғанын қалаймыз. Біздің басты мақсатымыз – болашақта Еуропада тұрақты түрде өнер көрсету. Сондықтан «Ордабасы» деп созып айтқаннан гөрі, қысқа әрі нұсқа «Орда» деу дұрысырақ болады. Бұл атау шетелдіктер мен еуропалықтар үшін қабылдауға әлдеқайда жеңіл болады. Алайда клубтың мағынасы, философиясы мен тарихы еш өзгеріссіз қалады. Әрине, бұған қоса ойын формасы мен логотип те жаңарады. Ағымдағы маусымда бәрін дайындап, жанкүйерлерімізге таныстырамыз. Барлық өзгерістер ресми түрде келесі маусымнан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр», деді ол.

«Ордабасы» орда бұзды

Атауын өзгертуге дайындалып жатқан Шымкент ұжымы қазіргі уақытта ішкі біріншілікте де көш бастап тұр. Қазір «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) турнирлік кестесінде 12 турдың қорытындысы бойынша 28 ұпай жинап, сенімді түрде бірінші орында келеді. 

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Кеше