Елорда • Кеше

Астанада екінші әуежайдың орналасатын орны туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды

1 мин
оқу үшін

Елордалық БАҚ пен әлеуметтік желілерде Астанада екінші халықаралық әуежай салынатын аумақтың нақты белгілі болғаны туралы ақпарат тарады. Алайда Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада екінші әуежайдың орналасатын орны туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды

«Мәліметте көрсетілген «Елордадан солтүстік-батыс бағытында - Шортанды кенті бағытына қарай, Астана - Көкшетау тасжолының бойындағы аумақ» Астана қаласының әкімшілік шекарасына кірмейді. Осыған байланысты аталған аумақ екінші әуежайдың орны ретінде Астананың Бас жоспарында қарастырылуы мүмкін емес.

Бүгінгі күні екінші әуежайдың нақты орналасатын орны бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Астана қаласының Бас жоспарына түзетулер енгізу аясында тек ықтимал перспективалық бағыттар ғана қарастырылып жатыр», делінге хабарламада.

Қосшы, Қарағанды әлде Павлодар: Астананың екінші әуежайы қай бағытта салынуы мүмкін?

«2035 жылға дейінгі Астана қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жобасы алдымен қалалық мәслихат депутаттарының талқылауынан өтіп, мақұлданғаннан кейін ғана Үкіметтің келісуіне жіберіледі.

Астанада 2035 жылға дейін екінші әуежай салынады

Қала билігі БАҚ өкілдері мен желі қолданушыларын тек ресми әрі тексерілген мәліметтерге сенуге шақырады. Бұл мәселе бойынша нақты әрі нақтыланған ақпарат алу үшін «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ресми сұраныс жолдауға болады.

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Кеше