Комиссия отырысында өңірдегі су бассейндерінің экологиялық ахуалына қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Сенат төрағасы ластану деңгейі артып, балық қорының азаюы мен өңірдің экожүйесіне антро-погендік әсердің күшеюіне ерекше назар аудару қажет екенін баса айтты.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі әлдеқашан өңірлік шеңберден шығып, жаһандық сипат алғанын әрдайым айтып келеді. Осы сын-қатерді еңсеру үшін еліміз Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуге бастамашы болды. Мемлекет басшысы су мәселелері бойынша халықаралық күн тәртібін ілгерілету мақсатымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Астанада Су проблемаларын талдау орталығын құруды да ұсынды. Сондай-ақ БҰҰ-ның ма-мандандырылған агенттігі ретінде Халықаралық су ұйымын құру бастамасын көтерді. Жайық өзеніне қаты-сты мәселе де аса өзекті. Бұл түйткілдерді бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды. Оларды шешу үшін ведомствоаралық үйлестіру, ғылыми негізделген шешімдер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, сарапшылар қауымдастығының, экологиялық қоғамдық ұйымдардың және халықаралық серіктестердің белсенді атсалысуы қажет», деді М.Әшімбаев.
Кездесуде Каспий теңізіне қатысты мәселеде жүйелі тәсілдің жеткіліксіз екені де айтылды. Жайық өзенінің Атырау мен Маңғыстау облысының жағалауы маңында теңіз 30–35 шақырымға дейін шегініп, соның салда-рынан топырақ тұзданып, экожүйелер тозды, балықтардың уылдырық шашу орындары қысқарды. Бұған қоса құрамында улы шөгінділері бар шаңды дауылдардың туындау қаупі артып отыр. Парламенттік комис-сияның төрағасы Каспий теңізі мен Жайық өзенін сақтау мәселесі ұзақмерзімді экологиялық қауіпсіздіктің, азаматтардың өмір сүру сапасының, сондай-ақ бүкіл Каспий маңы өңірінің орнықты дамуының кепілі екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында мемлекет, ғылым, азаматтық қоғам, бизнес пен халықаралық серіктестердің алдағы бірлескен жұмысының негізгі бағыттарын айқындап берді.
Парламенттік комиссияның отырысына Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Су ресурстары және ирригация ми-нистрі Нұржан Нұржігітов, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы, Эколо-гия және табиғи ресурстар, Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері қатысты.
Іс-шарада БҰҰ Даму бағдарламасының еліміздегі Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, су ресурстарын басқару мен климаттың өзгеру мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшы, Орталық Азия су ре-сурстарын басқару және климаттың өзгеруі жөніндегі платформаның үйлестірушісі Болат Есекин, өңір әкімдіктерінің басшылығы, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері баяндама жасады. Ал мем-лекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар алдағы бірлескен жұмысты ұйымдастыруға қатысты ұсы-ныстар мен бастамаларын ортаға салды. Сенат төрағасы олардың іске асырылу барысы қоғамның және бар-лық мүдделі тараптың бақылауында болатынын айтты.
М.Әшімбаев өңірдің белсенді жастарымен кездесуде жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарына тоқталып, оны мемлекетті дамытудың және саяси жүйені жан-жақты жаңғыртудың ұзақмерзімді бағытын айқындай-тын стратегиялық құжат деп атады. Палата спикері елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды жаңғыртулар қазіргі сын-қатерлерге жедел жауап бере алатын икемді мемлекеттік жүйе қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар ол жаңа Ата заңның іске асырылуы жастардың белсенділігіне, білімі мен жауап-кершілігіне де байланысты екенін айтып өтті.
«1 шілдеден бастап жаңа Ата заң ресми түрде күшіне енеді. Шын мәнінде, бұл – нағыз Халық Конституциясы. Ол Тәуелсіздік, Мемлекеттілік және азаматтардың құқықтары мен мүдделері ең жоғары құндылық санала-тын Әділетті Қазақстан құрудың жаңа кезеңіне жол ашты. Бүгінде жүзеге асырылып жатқан ауқымды рефор-малар мен жаңартылған институционалдық ортаның барлығы өскелең ұрпақтың игілігі үшін жасалып отыр. Жаңа Конституция жастарға зор мүмкіндіктер береді әрі үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан жас буын осы реформалардың тарихи маңызын терең түсініп, оны жүзеге асыруға белсенді қатысуы қажет», деді Се-нат төрағасы.
М.Әшімбаев Әділетті Қазақстан құруда жастардың белсенді рөлі ерекше мәнге ие екенін айтып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларына және ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын құнды-лықтарға да тоқталды. Оның айтуынша, бұл бағыттағы басты бағдар – Мемлекет басшысының Абайдың «Толық адам» іліміне негізделген «Адал азамат» тұжырымдамасы. Аталған тұжырымдамада еңбекқорлық, адалдық, кәсіби біліктілік, үздіксіз білім алу мен отаншылдық әр азамат үшін басты құндылықтар ретінде айқындалған.
Сондай-ақ Сенат депутаттары «ҚазТурбоРемонт» ЖШС ұжымымен кездесіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтар-ды әлеуметтік оңалтуға арналған «Алмалы» орталығының қызметімен танысты.