19 Тамыз, 2015

Жұмысты жоғары біліктілікпен жүргізу маңызды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-08-01 Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қабылдау барысында Қ.Ке­лімбетов елдің қаржы секторы мен банк жүйесінің ахуалы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев күрделі экономикалық жағдайға байланысты көп нәрсе Ұлттық банктің жұмысына, сондай-ақ, мемлекеттің ақша-несие саясатына тәуелді екенін атап өтті. – Бюджет жағдайының нашарлауына, барлық экс­порт­тық тауарларымызға баға­ның төмендеуіне байланыс­ты ­Ұл­т­­тық банктің өз жұмысын жоға­ры біліктілікпен жүргізуі аса маңызды, – деді Қазақстан Президенті. Ал Ұлттық банк төрағасы биылғы қаңтар мен маусым аралығы кезеңінде инфляция 1,4 пайызға тең болғанын, бұл ретте жылдық инфляция 3,9 пайызды құрағанын айтты. – Бұл осы уақытқа дейінгі ең төмен көрсеткіш, яғни біз ­инфляцияны 3-4 пайыз дең­ге­йінде сақтау жөніндегі тапсырманы орындадық. Бұл орайда, Ұлттық банктің жиынтық халықаралық резерві 29 миллиард доллар болды. Салымдар бірінші жартыжылдықта 2,3 пайызға ұлғайды. Сонымен қатар, төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен қарыздар үлесін азайту мәселесі шешілді, бұ­рын оның көлемі 33 пайыз­ға жеткен болса, қазіргі уа­қыт­та ол 9,98 пайызға дейін тө­мендеді, – деді Қ.Келім­бетов. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.