18 Тамыз, 2015

Футбол. «Ордабасының» бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-08-2015-kumykov 01АСТАНА. 18 тамыз. «Ордабасы» футбол командасының бас жаттықтырушысы Виктор Кумыков қызметінен кетті. Жаттықтырушы мен клуб басшылығы екіжақты келісімнің нәтижесінде осындай шешімге келіп отыр. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Ресейлік маманның орнын енді белгілі жаттықтырушы Бахтияр Байсейітов басуы мүмкін. Айта кетейік, Виктор Кумыков Қазақстанға 2000 жылы келді. Содан бері ол «Есіл», «Елімай», «Қайсар» және «Шахтер» клубтарында қызмет етті. Ал «Ордабасын» Кумыков мырза 2014 жылдан бері жаттықтырып келеді. Шымкенттің командасы биылғы маусымда премьер-лиганың алғашқы айналымын бірінші алтылықтың қатарында аяқтауды басты тапсырма ретінде бекіткен болатын. Виктор Кумыков ол сенімді ақтап шықты. Соған қарамастан, екінші айналым енді ғана басталған шешуші сәтте оның қызметтен кетуі жанкүйерлерді таң қалдыруда. Виктор Балютович қазақстандық жанкүйерлердің есінде Қарағандының «Шахтерін» жаттықтырған кездегі жарқын жеңістерімен қалары сөзсіз. «Кеншілермен» жұмыс істеген 2011-2014 жылдар аралығында ол екі мәрте Қазақстан чемпионы (2011, 2012 жж.) атанды. Одан бөлек, 2013 жылы Қазақстан Кубогын және Қазақстан Суперкубогын иемденді. Ең басты жетістіктерінің бірі, әрине, «Шахтерді» 2013-2014 жылғы маусымда Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесіне алып шығуы. Сондай-ақ, сол жылы командасымен бірге Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. Одан бөлек, 2011, 2012 және 2013 жылдары Қазақстанның ең үздік жаттықтырушысы атанғанын айта кетейік. Еламан Қоңыр. Дерек: vesti.kz. Сурет: armsport.am.