18 Тамыз, 2015

Жазғы каникул жайма-шуақ өтті

679 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
каникулАстанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комис­­сия мүшелері мен орталық және жергілікті атқарушы органдары басшыларының «Балалардың жазғы демалысын және сауықтыруды ұйымдастыру және олармен жағдайы төмен отба­сылардан шыққан балаларды қамту» мен жыл сайын өткі­зілетін «Мектепке жол» акциясы шеңберінде балалар­дың мектепке дайындығы мәселесі бойынша брифинг өтті. Ұлттық комиссия төр­айы­мы­­ның орынбасары, Орталық сай­­лау комиссиясының мүшесі Ләз­зат Сүлеймен баспасөз өкіл­­­дері­не отбасылардың және бала­лардың құқықтары мен мүд­де­лерін қор­ғау саласы бойынша мем­ле­кеттік саясаттың негізгі артық­­шылықтарын іске асыру бойын­­ша қолға алынған Ұлттық комис­сия­н­ың қызметімен таныстырды. «Бүгінгі күні қоғамда кәме­летке толмағандарға қатыгездік және зорлық-зомбылық көрсету мен бейәдеп мінез-құлықтар­дың артуымен туындаған отбасы инс­титутының пробле­ма­ла­рын талқылау күшей­ген уақыт­та, әсіресе, жазғы демалыс уақы­тында балалар мен жасөспі­рімдердің бос уақытын оқумен және ұйымдармен қамту мәселесі өзекті болып табылады. Сондықтан, жазғы сауықтыру кезеңіне дайындау және «Мек­тепке жол» атты жалпы республикалық қайырымдылық акцияларын өткізу алдын ала жоспарланған және тұрақты қадағалануда», деп атап өтті ол. Басқосуда Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иман­ғалиев жазғы демалыс кезеңінде атқарылған шараларға тоқталып өтті. Оның айтуы бойынша, бүгінгі таңда республикада 11 092 сауықтыру лагерьлері және алаңдары жұмыс істеп, жазғы каникул ішінде онда 1,5 млн.-ға жуық оқушы демалыпты. Балалардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру үшін  300-ге жуық еңбек және демалыс лагерьлері, 600-ге жуық мектеп орманшылықтары, 2 мыңнан астам мерзімдік еңбек жасақтары, мыңнан астам тіл мектептері мен дебат лагерьлері, 10 мың үйірмелер мен клубтар жұмыс істеді. «Мектепке жол» акциясының он күнінде 16 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 122 млн. теңгені құрайтын көмек көрсетілді. Мемлекеттік бюджет есебінен биыл мектеп жасындағы балаларды сауықтыру шараларына 3 млрд. 115 млн. теңге бөлініпті. 700 мыңға жуық жоғары сынып оқушылары жазғы еңбекке бау­лу бригадаларына тартылды. Биылғы жазда 1 млн. 106 мың 453 бала түрлі салаларға баулынып, демалыс шараларымен қамтылды. Оның ішінде 693 мың оқушы 2 241 еңбек отря­дында, 306 еңбек және демалыс лагерьлерінде, 11 447 көгал­дандыру бригадаларында, 564 мектеп жанындағы орман­шылықтарда, сондай-ақ, 4 884 жөндеу-құрылыс бригадаларында болды. Сондай-ақ, балаларды шығармашылық тұрғыда шыңдауға 10 343 клуб пен 807 аула клубтары атсалысып, спорттық-туристік бағытта 241 852 бала қамтылғаны атап айтылды. Жаз кезінде 2 303 сапарлар мен экскурсиялар, республика бойынша 1 912 туристік сапарлар мен 443 спорттық жиындар ұйымдастырылды. 78 мыңнан астам бала жазғы олимпиадалық резервтің 224 мектебіне, «Жас Ұлан» лидерлерінің 848 жазғы мектептеріне, 449 жазғы тілдік лагерьлер мен 222 пікірсайыс лагерьлеріне тартылды. Жалпы, жазғы сауықтыру шараларына жергілікті атқарушы органдар тарапынан 3 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініпті. Берік САДЫР, «Егемен Қазақстан».