Фото: istockphoto.com
Нәтижесінде 74 анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында 16 лауазымды тұлға мен бір ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар 5 маманға тәртіптік жаза қолданылған.
Оқу-ағарту министрі: Буллинг үшін директорды жұмыстан босату орынсыз
Ал 2026 жылғы наурыздан бастап Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Енді буллинг фактілерін елемеу, қажетті көмек көрсетпеу, мектепке бармайтын балаларды есепке алмау және тамақтандыруды ұйымдастырудағы олқылықтар үшін айыппұл қарастырылған.
Жаза мөлшері құқықбұзушылықтың ауырлығы мен қайталануына байланысты 30-дан 80 айлық есептік көрсеткішке дейін белгіленген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада 7-сынып оқушысы буллингті анықтайтын жүйе жасап шығарғанын жазған болатынбыз.