Қылмыс • Кеше

Еңбекке жегу, қайыр сұрату: Адам саудасына қатысты 75 қылмыс тіркелді

1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері Қазақстанда адам саудасына байланысты 75 қылмыс анықталғанын мәлімдеді. Тіркелген деректер арасында адамдарды мәжбүрлі еңбекке жегу, қайыр сұратуға мәжбүрлеу, жыныстық қанау, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту және жаңа туған сәбилер саудасы фактілері бар, деп жазады Egemen.kz.

Еңбекке жегу, қайыр сұрату: Адам саудасына қатысты 75 қылмыс тіркелді

Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басқармасы басшысының орынбасары Шынар Көшербаеваның айтуынша, Жетісу облысында екі тұрғынды заңсыз бостандығынан айырып, бір цехта бір ай бойы күштеп жұмыс істеткен дерек анықталған.

Абай облысында адам саудасымен айналысқан көпбалалы ана сотталды

Адам саудасының құрбанына көбіне әлеуметтік тұрғыдан осал топтар жатады. ІІМ өкілдерінің нақтылап айтуынша, тұрақты баспанасы жоқ адамдар мен қиын жағдайға тап болған азаматтар қауіп-қатерге жиі ұрынады.

Адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Сонымен қатар Қазақстан азаматтарының шетелдерде де еңбек құлдығына түсіп жатқаны белгілі болды. Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенконың сөзінше, 2025 жылы елшілік және консулдық қызметкерлер шетелде еңбек құлдығына немесе «алаяқтық орталықтарға» тап болған 40-тан астам азаматтың елге оралуына көмектескен.

Олардың басым бөлігі Оңтүстік-Шығыс Азиядағы «алтын үшбұрыш» аймағы елдері мен Арабия түбегіндегі мемлекеттерде қиын жағдайға тап болған.

Бұған дейін де Атырау облысында адам саудасымен айналысқан 21 дерек анықталған.

Соңғы жаңалықтар