ҚАРАҒАНДЫ. 18 тамыз. Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданында бес киікті жайратып салған браконьер ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Табиғатты қорғау полициясы және «Охотзоопром» мекемесінің өкілдері бірігіп жүргізген рейд нәтижесінде «Урал» мотоцикліне киік артып алып, жапан далада жүйткіп бара жатқан браконьер қолға түсті. Тексеру барысында Жаңаарқа ауданының 39 жасар тұрғынының бес киікті атып алғаны анықталды.
Осы оқиға бойынша сараптама тағайындалып, қылмыстық кодекстің 337-бабы, 4-тармағы бойынша («Заңсыз аң аулау») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, сурет: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Аймақтар • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Кеше