ПЕТРОПАВЛ. 14 мамыр. Қалада тәртіп сақшылары жедел түскен ақпарат бойынша із кесіп, ірі көлемдегі есірткі заттарын сатпақ болған күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тапатал түсте қаланың қақ ортасында құрықталған 27 жастағы есірткі саудалаушы қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысудың орнына жеңіл пайда таппақ болған. Қазір ол тергеу оқшаулағышқа қамалып, қылмыстық іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы ықтимал.
«Есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері жыл басынан бері 10 кило есірткі заттарын тәркіледі. Есірткіге тәуелді 649 адам есепте тұр», дейді қалалық ІІБ-ның басшысы Қайрат Оразалин.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
• 14 Мамыр, 2015
Петропавл полицейлері ірі мөлшердегі есірткі заттарын әшкереледі

Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Аймақтар • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Кеше
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Кеше